Жаңалықтар

2025 жылғы 30 сәуірде «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде ұйымдастырылған жұмыс берушілер Форумына қатысты. Іс-шара Білім беру мекемелері мен бизнес өкілдері арасындағы диалог үшін маңызды алаңға айналды. Форум аясында колледж білікті жұмысшы кадрларды даярлауда өзінің үздік тәжірибелерін ұсынды, сондай-ақ студенттердің кәсіби конкурстар мен жобалардағы жетістіктерін көрсетті. Форумға қатысу жұмыс берушілермен жаңа серіктестік байланыс орнатуға және қазіргі еңбек нарығында түлектерге қойылатын өзекті талаптарды талқылауға мүмкіндік берді.

Карта сайта